19.02.2021, 22:01 39555

"Qazaq Air" АҚ жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша 13 бұзушылық анықталды

Егер бұзушылықтар 3 ай ішінде жойылмаса және ұшуға жарамдылық сертификаттары кері қайтарылып алынуы немесе мәжбүрлеу шаралары қабылдануы мүмкін.
Нұр-Сұлтан. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Qazaq Air" АҚ қызметіндегі ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын жоспарлы тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Инспекциялық тексеру қорытындысы бойынша 13 бұзушылық анықталды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Qazaq Air" АҚ қызметін жоспарлы тексеру нәтижелерін әуе компанияға жіберді.
 

Біз Qazaq Air әуе компаниясы Қазақстанда жұмыс істейтін басқа әуе компаниялармен қатар ұшу қауіпсіздігі көрсеткіштерін арттыруды жалғастырып жатқанын көруге қуаныштымыз", – деп атап өтті Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс.

 
Qazaq Air 10 күн ішінде авиациялық әкімшілікке барлық бұзушылықтарды жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуы тиіс. Егер бұзушылықтар 3 ай ішінде жойылмаса және ұшуға жарамдылық сертификаттары кері қайтарылып алынуы немесе мәжбүрлеу шаралары қабылдануы мүмкін.
 
Еске сала кетейік, 13 ақпанда елордадан Алматыға келген Qazaq Air ұшағында қону кезінде шасси жарылды. 16 ақпанда Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air жоспарлы инспекциясын бастады.
 
Жалпы, 2020 жылы Қазақстанның авиациялық әкімшілігі 458 инспекциялық тексеру жүргізді, 5000-нан астам бұзушылық анықталды. Авиациялық компаниялардың бұзушылықтары жабық болып табылады, бақыланады және белгіленген мерзімде кейіннен тексеруге жатады. Бұл бұзушылықтардың көпшілігі ауыр емес, бірақ екінші және үшінші деңгейдегі қорғаныс шаралары болатындықтан оларды жою ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де маңызды. Қауіпсіздіктің маңызды мәселелерінің салдары олар шешілгенге дейін пайдалануды тоқтата тұруға әкеледі.
 
2020 жылы ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалмауына байланысты 6 оператордың қызметі тоқтатылды: Jet Airlines, Jenis Air, Azee Air, Phoenix, Qazaq Helicopters, MS AIR KZ. Бек Эйр, Sigma Airlines операторларының сертификаттары қайтарылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны