30.06.2022, 18:24 19791

ҚР-да қаңтар айындағы қайғылы оқиғадан кейін 445 адам сотталды

ҚР-да қаңтар айындағы қайғылы оқиғадан кейін 445 адам сотталды
Сурет: facebook/Anastasia Romanova
НҰР-СҰЛТАН. 30 МАУСЫМ - Жалпы қаңтар оқиғасы бойынша сотқа 392 қылмыстық іс жолданып, олар бойынша 445 адам сотталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Билік өкілдеріне қарсы күш қолданып, мүліктерді жоюға байланысты ауыр қылмысты жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 46 сотталушы бас бостандығынан айырудың нақты мерзіміне сотталды. 
 
Елдос Қилымжановтың айтуынша, қазіргі уақытта 514 күдікті адам қамауда. Көрсетілген адамдар қиратуларға, ғимараттарды өртеуге, атыс қаруларын жымқыруда, мемлекеттік объектілерге және құрылымдық күш қызметкерлеріне шабуылдауда белсенді түрде қатысқан.
 
Жеке басын, денсаулық жағдайын және басқа да сипаттайтын мән-жайларды ескере отырып, 284 адамның қамауда ұстау бұлтартпау шарасы, ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепілге, үйқамаққа алуға және жеке кепілгерлікке ауыстырылды. 
 

Жұмыстың негізгі көлемі жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілерімен жүргізілуде. Істер бойынша мыңнан астам адам күдікті деп танылды. Әрқайсысымен жауап алу, беттестіру, оқиға орнын нақтылау және басқалар сияқты кешенді тергеу әрекеттері жүргізіледі", - деді Елдос Қилымжанов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны