21.02.2023, 13:21 30106

ҚР-да қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаның жаңа түрі пайда болады

ҚР-да қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаның жаңа түрі пайда болады
Құқық бұзушының қоғамдық жұмыстарды орындау үшін белгіленген мерзімде келмеуінің дәлелді себебі ауру болып танылады

Астана. 20 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы әзірленді.

Құжаттың мәтініне сәйкес, қоғамдық жұмыстарды әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға, оның тұрғылықты жері бойынша орналасқан қоғамдық орындарда жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын және айқындайтын белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды жасаудан тұрады.

Қоғамдық жұмыстар сағатпен есептеледі және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін оннан жүз елу сағатқа дейінгі мерзімге белгіленеді. Қоғамдық жұмыстарды орындау әкімшілік жаза толық орындалғанға дейін, адамды оларды орындау уақытына негізгі жұмыс орны бойынша немесе оқудан бос уақытта еңбек міндеттерінен босата отырып, үздіксіз негізде күніне төрт сағаттан аспауға тиіс", - делінген мәтінде.


Сондай-ақ, тұрақты жұмыс орны жоқ және оқу орындарында оқымайтын адамдар қоғамдық жұмыстарды күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан аспайтын мерзімде орындайды.

Қоғамдық жұмыстарды мыналарға:

  • жүкті әйелдерге;
  • үш жасқа дейінгі балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған тұлғаларға;
  • он сегіз жасқа толмаған тұлғаларға;
  • бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;
  • 58 және одан жоғары жастағы әйелдерге;
  • 63 және одан жоғары жастағы ер адамдарға;
  • шетел азаматтары және Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолдануға болмайды.

Құқық бұзушының қоғамдық жұмыстарды орындау үшін белгіленген мерзімде келмеуінің дәлелді себептері ауру және құқық бұзушының қоғамдық жұмыстарды орындау үшін уақтылы келу мүмкіндігінен айыратын басқа да құжатталған мән-жайлар болып танылады", - делінген мәтінде.


Сонымен қатар, әкімшілік қамаққа алу мерзімін өтегеннен кейін қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарғаны үшін әкімшілік қамаққа алынған адам қоғамдық жұмыстарды орындаудан босатылмайды.

Құжаттың толық мәтінімен "Ашық НҚА" порталында танысуға болады.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда отбасылық дебоширлерге әкімшілік жазаларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға алмастыратын болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны