Система Orphus

Құрғақ шөптер жанында от тұтатуға болмайды - Алматы ТЖД өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы еске салады

24.07.2020 17443

Алматы. 24 шілде. Kazakhstan Today - Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ТЖД басшысының орынбасары Арман Байгелов қала тұрғындарын өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Бүгінгі таңда орын алуы мүмкін өрттердің алдын алу мақсатында ТЖД қызметкерлерімен кешенді алдын алу шаралары жүргізіледі. Атап айтқанда, қала аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп, ашық аумақтарға жапсарлас автомобильді және теміржол бойында минералданған жолақ (жол) құру бойынша шаралар жүргізілуде.

Алатау, Бостандық, Медеу, Жетісу, Наурызбай және Түрксіб аудандарының әкімдіктерімен 65 шақырым жол мен даламен жапсарласқан орындарда жекеменшік сектор жалпы аумағы 90,5 гектар болатын құрғақ шөп шабылды.

"Алдын алу шараларын тамыз айында, яғни, күннен тұтануы мүмкін шөп жоғары қауіп төндірмеген кезде аяқтау жоспарлануда", - деді Арман Байгелов. Ол жақын орналасқан аумақты ретке келтіру үшін кейбір адамдардың кепкен шөп пен қоқысты әдейі жағатынын және оның өте қауіпті екенін атап өтті.

Арман Байгелов атап өткендей, құрғақ шөп пен қоқыс өртенген кезде оттың жақын орналасқан тұрғын үйлерге, жанар-жағармай құю станцияларына, мұнай базаларына, құрылысқа, ғимараттарға таралу мүмкіндігі артып, өмір үшін қауіп төндіріп, материалдық шығын келтіруі мүмкін.

Қабылданған шараларға қарамастан, өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтамау себебінен қала аумағында ашық аумақтарда 285 құрғақ шөптер мен қоқыстардың жану оқиғасы орын алды, оның жалпы аумағы 350 мың шаршы метрді немесе 35 га құрады. Ағымдағы жылдың 16 наурызында бір күннің ішінде қала аумағында бірден 21 өрт болды. Олардың ішіндегі ең ірі өрт Медеу ауданының Думан ықшам ауданында және Түрксіб ауданындағы Қайрат ықшам ауданында орын алды. Аталған аудандардың әрқайсысының жану алаңы 30 000 шаршы метрді (3 гектарды) құрады. 20 шілдеде күндізгі уақытта Алатау ауданының "Томирис" шағын ауданында жанған құрғақ шөп 5000 шаршы метр алаңды қамтып, тұрғын үйлерге таралу қаупі туындады. Өртті сөндіруге 25 өрт сөндіруші және 5 бірлік техника жұмылдырылды. Дәл осы күні Медеу ауданының Құлжа трактіндегі жанған құрғақ шөптің жалпы аумағы 1200 шаршы метрді құрады, 21 шілде күні өрт сөндірушілер Алатау және Наурызбай аудандарында жалпы аумағы 600 шаршы метрден асатын үш өрттің алдын алды.

Өрт қаупі жоғары кезең басталғалы құрғақ шөп өртенудің 295 оқиғасы шықты. Жалпы алғанда өртену аумағы 350 мың. шаршы метрді немесе 35 га құрады.

Осыған байланысты, ТЖ Департаменті оңтүстік астананың тұрғындары мен қала қонақтарын құрғақ және ыстық ауа райын ескере отырып:

- қураған шөптерге темекі қалдықтарын тастамауға;

- құрғақ өсімдіктердің жанында от жақпауға;

- от тұтанып кету қаупі бар сынған шынылар мен бос құтыларды қалдырмауға шақырады.

Ауыр зардаптар орын алған жағдайда кінәлі адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны