31.05.2022, 18:22 12001

ҚР бұрынғы Қорғаныс министріне қамауға алу мерзімін ұзартты

ҚР бұрынғы Қорғаныс министріне қамауға алу мерзімін ұзартты
НҰР-СҰЛТАН. 31 МАМЫР - ҚР бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамау мерзімі 20 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Алматы сотының баспасөз қызметі.
 

13 мамырда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қамауға алу мерзімін бір айға 20 маусымға дейін ұзартқанын растаймын", - делінген хабарламада.

 
Іс әлі сотқа келмеген.
 
Айта кетейік, Президент 19 қаңтарда Бектановты сынға алып, қызметінен босатқан болатын. Тоқаевтың айтуынша, Мұрат Бектанов Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезеңінде командир ретінде қабілетін көрсете алмаған.
 
Бұған дейін бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланған болатын.

Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны