15.07.2013, 16:12 3531

Рекорд жаңартамын деп ажал құшты

44 жастағы американдық мотошабандоз Билл Уорнер мотоциклмен әлемдік рекордты жаңартпақ болған сәтінде апатқа ұшырап көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz.

Астана. 15-шілде. Kazakhstan Today - Рекорд жаңартамын деп ажал құшты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

44 жастағы американдық мотошабандоз Билл Уорнер мотоциклмен әлемдік рекордты жаңартпақ болған сәтінде апатқа ұшырап көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz.

Қайғылы оқиға Мэн штатындағы әскери әуе күштерінің базасында орын алған.

Suzuki Hayabusa мотоциклін тақымдаған спортшы сағатына 458 шақырым жылдамдықпен жүйіткіген. Сол сәтте тізгінге ие бола алмай ол жолдың шетіне шығып кетіпті.

Уорнер осы апаттан соң тура 75 минуттан кейін ауруханада көз жұмды.

Айта кетейік, мотоциклмен орнатылған жылдамдық рекорды 2011 жылы орнатылған болатын. Оны да сол кезде Уорнер орнатқан еді. Ол кездегі жылдамдық сағатына 501 шақырым. Бұл жолы марқұм небәрі 1,6 шақырым жолды артқа тастап көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны