26.04.2013, 10:04 3865

Ресейде психиатриялық аурухана өртеніп, біраз науқастар қаза тапты

Дмитровский ауданындағы ауруханада өрт шықты деген хабар құтқарушыларға жергілікті сағат 2.23-те келіп түскен.

Астана. 26-сәуір. Kazakhstan Today - Ресейде психиатриялық аурухана өртеніп, біраз науқастар қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Мәскеуге жақын Раменский селосындағы №14 психатриялық ауруханада өрт шығып, 38 науқас қаза тапқан.

Дмитровский ауданындағы ауруханада өрт шықты деген хабар құтқарушыларға жергілікті сағат 2.23-те келіп түскен.

Өрт сөндірушілер келіп жеткенде бір қабатты кірпіштен салынған аурухана мен оған жанаса салынған шағын корпусы өртеніп жатқанын көреді. Полицияның мәліметі бойынша өрт жанаса салынған ғимарттан басталған.

Қазіргі уақытта өрт сөндірілді. Өрт шарпыған аумақ 420 шаршы метрге жеткен. Төтенше жағдай қызметі 12 адамның денесін анықтады.

Оқиға орнына Мәскеу облысы губернаторының міндетін атқарушы Андрей Воробьев барып келіп қайтты.

Өрт сөндіруге оқиға орнында 110 құтқарушы, 45 полицей, 30 техника жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны