20.06.2008, 09:33 1334

Республикада өткен екі күнде бес адам суға батып кетті

Республикада өткен екі күнде бес адам суға батып кетті

Астана. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Республикада өткен екі күнде бес адам суға батып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Астанада Есіл өзеніне (Сарыарқа ауданы) 19 маусымда 16 сағат 40 минутта суда жүзіп жүрген 13 жасар бала батып кетті; Алматы облысының Қарасай ауданында Жалпақсай ауылының маңындағы су қоймасына 18 маусымда сағат 22.00-де 26 жастағы жігіт батып кетті; Петропавловск қаласында Есілге ("Восточный берег" дәмханасының маңы) 19 маусымда 19 сағат 20 минутта 21 жастағы жігіт батып кетті;

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында Покровка ауылының маңында 19 маусымда сағат 14.00-те 25 жастағы жігіт Есілге батып кетті; Батыс Қазақстан облысының Зеленовский ауданында Мичурино ауылының маңында Шаған өзеніне 19 маусымда 34 жастағы ер адам батып кетті, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны