22.06.2007, 10:35 2548

Республиканың су қоймаларында үш адам, соның ішінде 9 жасар бала қаза тапты

АСТАНА. 22 -маусым. Kazakhstan Today. Республиканың су қоймаларында үш адам, соның ішінде 9 жасар бала қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысы, Бұхар-Жырау ауданында, Мұстафин атындағы ауылда, 21-маусымда 19 сағат 45 минутта екі адам суда жүзіп жүріп суға батып кетті. 41 жастағы ер адамның мәйітін жергілікті тұрғындар судан шығарып алды, екіншісін судан құтқару қызметтері іздестіріп жатыр.

Сонымен бірге, өткен тәуліктерде Қызылордадағы Арай ықшамауданында 16 сағат 45 минутта 9 жасар бала Сырдария өзеніне батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметінің мамандары судан шығарып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны