29.12.2011, 17:50 5167

РФ-на "Меркі" станциясы арқылы контрабандалық жолмен халық тұтынатын тауарларын заңсыз алып өтпек болған айыр қалпақты көршілеріміз қолға түсті (ФОТО)

Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің хабарлауынша, бірыңғай экономикалық аймаққа ұмтылған көршіміз, заңсыз сауда айналымымен күресте дәрменсіздік танытып отыр.

Жамбыл. 29-желтоқсан. Kazakhstan Today - РФ-на "Меркі" станциясы арқылы контрабандалық жолмен халық тұтынатын тауарларын заңсыз алып өтпек болған айыр қалпақты көршілеріміз қолға түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің хабарлауынша, бірыңғай экономикалық аймаққа ұмтылған көршіміз, заңсыз сауда айналымымен күресте дәрменсіздік танытып отыр.

"Жамбыл облысының кеден шекарасы Кеден одағының шеткері шекара шебі болғандықтан бұл аумақтағы бақылап-өткізу пункттерін нығайту, халықаралық стандарттарға сай жабдықтау жұмыстары жүйелі жүргізіліп, контрабандамен айналысатындардың құпия жолдары, өткелдер жабылған болатын", - деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бас маманы Құдайберген Рысдәулет.

Бас маман, басқа амал таппаған Қырғыз Республикасының контрабандистері темір жолды торауылдап жүргендігін, және де бұл сөздің дәлелді болуы үшін нақты деректерге тоқталып өткен.

"Құлан" кеден бекетінің қызмет аумағына қарасты "Меркі" стансасы арқылы Ресей Федерациясына кедендік рәсімдеусіз, контрабандалық жолмен халық тұтынатын тауарларын заңсыз алып өтпек болған Қырғыз Республикасының азаматтары қолға түскен болатын. Қырғыз азаматтары болғанда да "Бішкек-Екатеринбург" бағытындағы жолаушылар пойызының жолсеріктері", деді ол.

Қазақ жерін басып өтетін бұл бағыттағы пойызды әдетінше кеденшілер кедендік тексеру жасау үстінде құпия орындар мен істен шыққан тамбурлардан, жылу жүйесіне арналған трубаларға жасырылған киім-кешектерді табады.

"Пойыздағылардан "Тауардың егесі-Мен" деген жауап та, тауарлардың құжатын да таба алмаған кеден қызметкерлері барлық ХТТ-ны вагондардан түсіріп алады", - деп атап өтті Құдайберген Рысдәулет.

Сот сараптамасы анықтағандай жасырылған тауар құны 22 млн. теңгеден асады екен. Мемлекетке келтірген шығын көлемі 7 млн. 285 мың 055 теңге. 8 вагонға жасырылған киім-кешек қайырымдылық үшін бе, жоқ әлде көлеңкелі кәсіп үшін бе белгісіз болуда. Белгілісі сол кеденшілер бұл ұсталым бойынша 6 қылмыстық іс қозғап, арнайы органдарға жолдады.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 14 желтоқсаны күні ҚР ІІМ-нің Есірткімен күрес комитетімен бірігіп шұғыл шаралар ұйымдастырған Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасы Қырғыз Республикасының "Д" азаматын қолға түсірді. Күдіктінің жол сөмкесін тексерген кезде 3 кг 774 грамнан аса героин, 4 кг 633 грамнан аса гашиш табылғандығын хабарлады Құдайберген Рысдәулет.

Қазіргі уақытта аталған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тауарларды пойыздың құпия жерлеріне тығуға көмектескен екі жолсерік тергеуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны