19.09.2011, 16:00 3280

Риддер қаласының су құбырында болған апат салдарынан қала тұрғындары сусыз қалды

Риддердің 40 мыңнан астам тұрғыны ыстық және суық сусыз қалған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімс етті.

Астана. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today - Риддер қаласының су құбырында болған апат салдарынан тұрғындар сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Риддердің 40 мыңнан астам тұрғыны ыстық және суық сусыз қалған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімс етті.

"Риддер қаласында тұратын 40 мыңнан астам адам ыстық және суық сумен қамтусыз қалды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің нақтылауынша, су апат салдарынан берілмей тұр.

"Болжам бойынша, апат жер асты су бөгеті жобасының соңына дейін қарастырылмауы салдарынан орын алған", - деген Риддер қаласы ТЖД ҚБ бөлімінің бастығы Александр Ломыгиннің сөзін мысалға келтіреді баспасөз қызметі.

"Қазір ауданға ауыз су көлікпен жеткізілуде. Алдыңғы кезекте ауруханаларға, интернаттар мен наубайханаларға. Балабақшалар мен мектептер жұмысын тоқтатты", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта апат орнында қаланың барлық коммуналдық қызметтері жұмыс жасап жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны