31.03.2011, 13:33 6984

Риддер қаласынжа су құбырында болған апат салдарынан бірқатар тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар сусыз қалды

Риддер қаласынжа су құбырында болған апат салдарынан бірқатар тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 31 - наурыз. Kazakhstan Today - Риддер қаласынжа су құбырында болған апат салдарынан бірқатар тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысына қарасты Риддер қаласында құбыр желісінің апатқа ұшырауы салдарынан екі үйдің тұрғындары, №17 мектептің оқушылары, емхана, шіркеу және Риддер психоневрологиялық әлеуметтік мекемесі сусыз қалған. Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратып отыр.

Ведомствоның айтуынша, төтенше оқиға түс ауа сағат 16:00-де 4-ықшамауданға қарасты № 2 үйге қарсы Буровая көшесінде орын алған. Диаметрі 280 мм-лік суық су құбыры жарылып, нәтижесінде аталған учаскедегі 120 тұтынушы сусыз қалды.

"Су қысымының төмендеуі Гэсовская көшесіндегі 12, 14, 16, 18, Дрейман көшесіндегі 3, 8, 10 үйлерде байқалады. Су жеткізу ұйымдастырылды. Төтенше жағдайды жою үшін "Лениногорск жылысуарнасы" ЖШС-ның 7 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны