13.02.2012, 10:13 3506

Риддер тұрмыстық қазандық жарылып, бір отбасының бес мүшесі зардап шекті

Риддер қаласында пешпен жылыту қазандығының жарылуынан отбасының бес бірдей мүшесі зардап шеккен.

Астана. 13-ақпан. Kazakhstan Today - Риддер тұрмыстық қазандық жарылып, бір отбасының бес мүшесі зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Риддер қаласында пешпен жылыту қазандығының жарылуынан отбасының бес бірдей мүшесі зардап шеккен.

"Анасы мен сегіз жасар бала бәрінен көп зардап шеккен. Баланың денесінің 70 пайызын күйік шалған, шұғыл операцияны қажет етеді. Ал анасының 30% денесін күйік шалыпты. Отбасының қалған мүшелері сәл ғана күйген. Соған қарамастан, дәрігерлердің айтуына қарағанда, 2002 жылы туған қыз баланың халі ауыр күйде. Қазір ол жан сақтау бөлімінде жатыр. Отағасы, 1972 жылы туған азаматтың жаңбасы сынып, 1995 жылы туған мүгедек ұлдары да жарақат алған", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

"Жарылыс болғаннан кейін ата-анасы балаларын өздері құтқармақ болып әрекет жасаған. Икелері жанбасының сынғандығына қарамастан алдымен мүгедек ұлдарын, соңынан қызы мен кенже ұлын алып шыққан. Аналары өз үйлерінде телефон болмағандықтан өрт сөндіру қызметіне хабарласу үшін көршілеріне жүгірген", - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны