14.02.2011, 11:40 3539

Риддерде көмірқышқыл газына уланған жеті адамның екеуі көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында көмірқышқыл газына уланған жеті адамның екеуі көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - ақпан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында көмірқышқыл газына уланған жеті адамның екеуі көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлауынша, жексенбі күні Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында көмірқышқыл газына уланып екі адам мерт болып, тағы бесеуі ауруханаға жеткізілген.

Алтай көшесінде орналасқан жер үйдегі қайғылы оқиғаға пештен шыққан ақауы себеп болған.

Қазіргі уақытта құтқарушылар көз жұмған екі азаматтың кім екенін анықтауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны