30.01.2009, 10:33 1802

Риддерде өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Риддерде өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Астана. 30 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында өрт салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Риддер қаласының Панфилов көшесіндегі жер үйде 29 қаңтарда сағат 22.38-де 50 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде бір ер адам мен әйелдің мәйіттері табылды. Өрт Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 8 адамының көмегімен 04 сағат 45 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны