16.11.2011, 10:25 3642

Риддерде психоневрологиялық емдеу мекемесінде өрт шығып, 100 аса адам қауіпсіз жерге көшірілді

"15 қараша күні сағат 10.52 Перспективная көшесінде орналасқан "Риддер психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесі" ММ 1-қабатының дәлізінде өрт шықты. Өрт сағат 11.26 ауыздықталып, сағат 12.16 сөндірілді", - делінген хабарламада.

Астана. 15-қараша. Kazakhstan Today - Риддерде психоневрологиялық емдеу мекемесінде өрт шығып, 100 аса адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Риддер психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесі" ММ шыққан өрт салдарынан 106 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

"15 қараша күні сағат 10.52 Перспективная көшесінде орналасқан "Риддер психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесі" ММ 1-қабатының дәлізінде өрт шықты. Өрт сағат 11.26 ауыздықталып, сағат 12.16 сөндірілді", - делінген хабарламада.

Жалын 3 шаршы метр аумақты шарпыған. 106 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны