20.09.2011, 09:12 3238

Риддерде су құбырында болған апат салдарын жою жұмыстары әлі де жалғасуда

Риддерде бұрынғысынша сумен қамту қалпына келтірілген жоқ. Бұл жөнінде Twitter-дегі микроблогында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Риддер. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - Риддерде су құбырында болған апат салдарын жою жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Риддерде бұрынғысынша сумен қамту қалпына келтірілген жоқ. Бұл жөнінде Twitter-дегі микроблогында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған.

"Риддерде жағдай еш өзгеріссіз қалуда. Жөндеу жұмыстары бұрынғысынша жалғасып жатыр", - деп хабарлайды ТЖД.

Естеріңізге сала кетейік, кеше су құбырлары желісіндегі апат салдарынан 40 мыңға жуық адам сусыз қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны