26.01.2012, 10:35 3429

Рио-де-Жанейрода көпқабатты үй құлап, 11 адам қаза тапты

Бразилиядағы Рио-де-Жанейро қаласының орталығында 19 қабатты үй қирап құлаған. Алғашқы мәліметтер бойынша, 11 адам қаза тапты. Ғимарат үйінділері астында қанша адам қалғаны әлі белгісіз.

Астана. 26-қаңтар. Kazakhstan Today - Рио-де-Жанейрода көпқабатты үй құлап, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ВВ ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Бразилиядағы Рио-де-Жанейро қаласының орталығында 19 қабатты үй қирап құлаған. Алғашқы мәліметтер бойынша, 11 адам қаза тапты. Ғимарат үйінділері астында қанша адам қалғаны әлі белгісіз.

Оқиға орнында қаланың барлық төтенше қызметтері жұмыс істеп жатыр. Үйінділерді аршу және құтқару жұмыстарын фар мен прожекторлардың жарығымен жүргізуге тура келді, себебі электр желілерінің тұйықталуы мен өрттің шығуынан сақтап қалу үшін, апат болған аудан электр қуатынан ажыратылған. Үй жергілікті уақыт бойынша сағат кешкі 20.30-да құлаған. Алайда негізінен кеңселер мен мекемелер орналсқан ғимарат ішінде біраз адам болғаны белгілі. Құтқарушылардың айтуынша, қираған үйге іргелес тұрған ғимараттан 30 адам шығарылды. Бұл ғимаратқа да айтарлықтай зақым келген. Үйдің қирап құлауына нақты не себеп болғаны әзірше белгісіз. Алғашқы жорамал бойынша ол тұрмыста қолданатын газдың жарылуынан қираған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны