09.03.2010, 16:45 5036

Рудныйда мас күйіндегі әйел екіқабат қызын пышақтап өлтірді

Рудныйда мас күйіндегі әйел екіқабат қызын пышақтап өлтірді

Қостанай. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Қостанай облысының Рудный қаласында мас күйіндегі әйел жанжал кезінде екіқабат қызын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жәбірленуші әйел 6 наурызда ата-анасының үйіне келген, ал олар Халықаралық әйелдер күнін тойлап жатқан. "Үстел басында жиналған мастардың тобын көрген қыз анасымен керісіп қалады. Ол ішімдік ішпеуді сұрайды. Бұған жауап ретінде 52 жастағы әйел қызының жүрегіне пышақ сұғып алған. 26 жастағы келіншек оқиға орнында жан тапсырды. Ийел алтыншы ай екіқабат болған", - деп хабарлайды ІІД.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 96-шы бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны