13.11.2006, 15:55 3003

Рудныйдағы абақтыдан қашып кеткен 4 адам қолға түсті - полиция

ҚОСТАНАЙ. 13-қараша. Kazakhstan Today. Қостанай облыстық полициясы Рудныйдағы уақытша тергеу абақтысынан қашып кеткен 4 адамды қолға түсірді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін өткен брифингте Қостанай облыстық ІІД-нің қылмыстық полициясының бастығы Рахат Аханов оқиғаның егжей-тегжейінен құлағдар етті.

"Түрмеден қашу оқиғасы 11-қарашада болған. Қамауда отырған төрт қылмыскер терезедегі торларды кесіп, қашып кеткен. Түрме камерасындпа жеті адам болған, олардың үшеуі қашудан бас тартқан",- дейді полиция полковнигі.

Оның айтуынша, қылмыскерлерді ұстау үшін арнаулы шұғыл тергеу тобы жасақталып, "Сирена" деп аталатын шұғыл жоспар жарияланып, барлық шекаралық облыстарға ақпараттар жолданды. "Ұйымдастырылған шаралар бірден нәжиесін берді",- деді Р.Аханов.

Мәселен, бұған дейін қарақшылық шабуылдары мен ұрлық жасағаны үшін бірнеше мәрте сотталған, осы жолы бұзақылық жөніндегі айыппен ұсталған 19 жастағы Александр Хрищук әжесі тұратын үйдің кіреберісінен қолға түсті. Бұған дейін тонаушылығы үшін сотталған 20 жастағы Александр Кандаков тағы да осындай қылмысы үшін жауапкершілікке тартылған. Ол өз досының пәтерінде құрықталды.

Бұдан басқа екі қашқын - 1979-жылғы Александр Сунгуров пен 1969-жылғы Юрий Черновольский Рудный қаласында жалдап алған пәтерлерінде қолға түсті. Екі тұтқын да ұрлығы үшін жауапқа тартылған.

Қашқындар ұстау сәтіде қарсылық көрсеткен жоқ, дейді полиция.

Түрмеден қашқан қылмыскерлердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің "бас бостандығын айыру және қамауға алу орындарынан қашып кету" жөніндегі 358-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен бірге ҚР ІІМ-нің басшылығы тарапынан жүргізетін тексеру де абақтыдан қашу оқиғасының мән-жайын анықтайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны