09.04.2013, 12:04 3697

Сәбиін пышақтап өлтіріп, үлкен баласын жарақаттап, өзі асылып қалған

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 32 жастағы оралман әйел төрт айлық баласын пышақтап өлтірген, 12 жасар ұлына пышақ жарақатын салған, содан кейін сарайға барып өзі асылып қалған.

Павлодар. 9-сәуір. Kazakhstan Today - Павлодар облысының Құргүл ауылында тұратын әйел босанғаннан кейінгі күйзеліс үстінде өзінің төрт айлық сәбиін өлтірген, одан кейін үлкен ұлына пышақ жарақатын салып соңынан өзі асылып өлген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бақытсыз жағдай кеше болған. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 32 жастағы оралман әйел төрт айлық баласын пышақтап өлтірген, 12 жасар ұлына пышақ жарақатын салған, содан кейін сарайға барып өзі асылып қалған.

Полиция мәлімдегендей, әйел үйінде қолына пышақ алып еш себепсіз үлкен ұлына пышақ сілтеген кезде бала қашып шығып көршілерінен көмек сұраған. Көршілер әйелдің үйіне кіре алмаған. Осы кезде жұмыстан үйіне келген күйеуі үйінен сәбиінің пышақталған денесін тапқан, ал әйелді асылып тұрған жерінен сарайдан тапқан.

Оқиғаға әйелдің босанғаннан кейінгі күйзеліске ұшырауы себеп болған деген алдын ала болжам бар. Ийел осы сырқатынан ем алып жүрген.

Пышақ жарақатын алған бала ауруханада жатыр. Тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны