05.07.2011, 18:18 3540

Самарада заңсыз қару саудасына күдікті 19 жасар Қазақстан азаматы қамауға алынды

"Samaratoday" таратқан ақпаратқа сүйенсек, қазақстандыққа қатысты РФ Қылмыстық кодексінің 222-1 бабы (Суық қаруды, оның негізгі бөлшектерін заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алматы. 5 шілде. Kazakhstan Today - Самарада заңсыз қару саудасына күдікті 19 жасар студент Қазақстан азаматы қамауға алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Samaratoday" басылымының хабарлауынша, 2011 жылдың 29 маусымында қылмыстық іс тергеуі барысында №4 жедел іздестіру бөлімінің қызметкерлері Мехзавод кентінен қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын студент қамауға алынды. Бұрын сотталған 19 жастағы Қазақстан Республикасының азаматынан нөмірі өшіріліп, әскери оқтармен атуға лайықталған ИЖ газ пистолеті және 5,6 миллиметрлік калибрдің 25 оғы табылып тәркіленді".

"Samaratoday" таратқан ақпаратқа сүйенсек, қазақстандыққа қатысты РФ Қылмыстық кодексінің 222-1 бабы (Суық қаруды, оның негізгі бөлшектерін заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны