17.10.2006, 10:00 3195

Самара-Шымкент тас жолында КамАЗ автокөлігінің аударылуы салдарынан 15 тонна мұнай төгілді

АСТАНА. 17-қазан. Kazakhstan Today. Самара-Шымкент тас жолында КамАЗ автокөлігінің аударылуы салдарынан 15 тонна мұнай төгілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, жол апаты Қызылорда облысында Самара-Шымкент тас жолының 1786-шақырымында 16-қазанда болған. 5 сағат 30 минутта "Нимекс транс" мұнай компаниясына қарасты КамАЗ автокөлігінің аударылуы салдарынан 15 тонна мұнай төгілді. Мұнай тұтанудан аман қалды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Қазір компания өз күшімен 240 шаршы метр аумақтағы ласталған топырақты жинап утилизация жасауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны