29.05.2012, 11:46 3442

Саран қаласындағы өрт салдарынан үш адам зардап шекті

28 мамыр күні, сағат 17 :30 минөтте Саран қаласының 28-ші өрт сөндіру бөліміндегі жану-жағар материалдары қоймасында бензиннің булануы салдарынан өрт тұтанды.

Астана. 29-мамыр. Kazakhstan Today - Саран қаласындағы өрт салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 28 мамыр күні, сағат 17 :30 минөтте Саран қаласының 28-ші өрт сөндіру бөліміндегі жану-жағар материалдары қоймасында бензиннің булануы салдарынан өрт тұтанды. Тілсіз жау Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті "Өрт сөндіру және апаттық - құтқару жұмыстары" мемлекеттік мекемесінің 60 шаршы метр аумағын шарпыған.

Бұл туралы облыстың ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

"Оқиға салдарынан қойма ғимаратында болған бөлімше бастығының орынбасары мен екі жүргізуші зардап шекті", - делінген таратылған ақпаратта.

Жалын 28-ші өрт сөндіру бөлімінің кезекшілік тобының күшімен 2012 жылдың 28 мамыры күні сағат кешкі 17 56-да толық ауыздықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны