07.04.2018, 14:18 13201

Сараптама комиссиясы Ақтөбе қаласындағы барлық лифтілердіӊ жағдайын тексереді

Комиссия құрамына тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық басқармасы, төтенше жағдайлар департаменттері, өнеркәсіптік қауіпсіздік өкілдері және басқа да сарапшылар кірді

Ақтөбе. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысыныӊ әкімі Бердібек Сапарбаевтыӊ тапсырмасы бойынша сараптама комиссиясы құрылып, ол көп қабатты ғимараттарда қызмет көрсететін лифт жабдықтарыныӊ қауіпсіздігі мен сапасына, сондай-ақ оларға қызмет көрсетумен айналысатын компанияларды кешенді тексеруді жүргізеді.

- Бізді осы қайғылы жағдай қатты қобалжытты. Бұл жағдайдыӊ қайталануына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдауға тиіспіз. Қала әкімдігі прокуратура мен тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, барлық лифтілердіӊ жұмысқа қабілеттілігін, оларды жөндеу және күтудіӊ сапасын мүмкіндігінше тез тексеруі керек. Сондай-ақ, басқарушы компаниялардыӊ жұмысын мамандардыӊ қол жетімділігі мен азаматтардыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындауын тексеру қажет, - деп атап өтті облыс әкімі.

Комиссия құрамына тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық басқармасы, төтенше жағдайлар департаменттері, өнеркәсіптік қауіпсіздік өкілдері және басқа да сарапшылар кірді.

Құқық қорғау органдарына оқиғаныӊ барлық жағдайларын мұқият тергеу, қайғылы оқиғаныӊ себептерін анықтау және кінәлілерді анықтау тапсырылды.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев марқұм Айзат Ибдісаматтыӊ туған туыстары мен жақындарына көӊіл айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны