16.07.2013, 15:51 3844

Сарбаз суға кетті

Ақтауда әскери жаттығулар кезінде теңіз жауынгері суға батып кетті. Олжас Қолбаев артық суды ағызып жіберетін арнадағы өткелден өтпек болғанда суға кеткен.

Ақтау. 16-шілде. Kazakhstan Today - Сарбаз суға кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтауда әскери жаттығулар кезінде теңіз жауынгері суға батып кетті. Олжас Қолбаев артық суды ағызып жіберетін арнадағы өткелден өтпек болғанда суға кеткен.

Оқиға облыс орталығынан 15 шақырым ұзақтықтағы Қаракөл маңында болған. Барлау ротасының сарбаздарына өзеннен өту керек болған. Олардың бірі өзенге тартылған арқаннан қолы шығып кетіп, өзеннің қатты ағысы оны ағызып әкеткен.

Сарбаздың мәйіті араға үш сағат салып теңізден табылды. Оның өлі денесі өзенмен ағып отырып, теңізге шыққан. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қолбаев әскер қатарына Алматыдан алынған және міндетін атқарып жүргеніне бар болғаны 3 ай ғана өткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны