21.05.2012, 11:59 2737

Сәтбаев қаласы маңында болған жол апатынан 4 адам қаза тапты

20 мамыр сағат 17.50-де Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Сәтбаев қаласынан 15 шақырым жердегі "Жезқазған-Петропавл" тас жолының 39 шақырымында "Тойота" маркалы көлікпен "ВАЗ" соқтығысты.

Астана. 21-мамыр. Kazakhstan Today - Сәтбаев қаласы маңында болған жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 мамыр сағат 17.50-де Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Сәтбаев қаласынан 15 шақырым жердегі "Жезқазған-Петропавл" тас жолының 39 шақырымында "Тойота" маркалы көлікпен "ВАЗ" соқтығысты.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, орын алған жол-көлік апатының салдарынан "ВАЗ" маркалы көліктің 4 жолаушысы - 35 және 67 жастағы әйелдер мен жастары анықталмаған екі әйел оқиға орнында көз жұмды. "ВАЗ" маркалы көліктің жүргізушісі мен "Тойотаның" 4 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны