26.10.2006, 16:02 3265

Сәтпаевта "Қазақмысқа" қарасты кен орнында жұмысшы мерт болды

ҚАРАҒАНДЫ. 26-қазан. Kazakhstan Today . Сәтпаевта "Қазақмыс" ЖШС-іне қарасты Шығыс Жезқазған кен орнында жұмысшы мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқыс оқиға дүйсенбі күні кешке №78/75 шахтада болған. "Кен орнының откат бөлімінде жарық сөніп қалған. Аға энергетик оқиғаның себебін анықтау үшін оқиға орнына кеткен. Алайда, біраз уақыттан кейін 43 жастағы еркек өліп жатқан жерінен табылды: оны электровоз соғып кеткен",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша арнаулы комиссия жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны