03.10.2007, 15:40 3070

Семей қаласында ұялы телефонға бола бір жігітті өлімші етіп соққыға жыққан жігіттер ұсталды

Семей қаласында ұялы телефонға бола бір жігітті өлімші етіп соққыға жыққан жігіттер ұсталды

Семей. 3-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семей қаласында ұялы телефонға бола 25 жасар жігітті өлімші етіп соққылаған бір топ жігіт ұсталды. Бұл туралы Семейдің ішкі істер басқармасының Иуезов полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел қызметкері Заңғар Ақылғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның ақпаратына сүйенсек, 28 қыркүйек күні кезекші бөлімге "Мұрат" саяжайлар аумағындағы көл жағасынан екі жас жігіттің денесі жатқаны туралы хабар келіп түседі. "Оқиға орнына келіп жеткен кезде, жәбірленушілердің бірінің қайтыс болғаны, екіншісінің әлі тірі екендігі анықталды", - деп хабарлады Заңғар Ақылғалиев. Оның мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде аман қалған жігіт ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Куәгерлерді сұрастыру барысында, жәбірленушілердің жағалауға туған күндерін тойлау үшін келгендігі анықталады. Кейіннен оларға тағы бес жігіт қосылған. "Спирттік ішімдіктер ішу барысында жәбірленушілердің бірі ұялы телефонын жоғалтып алған. Жас жігіттер бір-бірімен сөзге келіп, нәтижесінде екеуін ұрып кеткен", - деді полиция қызметкері.

Заңғар Ақылғалиевтың мәліметіне сүйенсек, сол арада қысқа мерзімнің ішінде күдіктілерді анықтаған жедел топ құрылған. "Олардың екеуі тұтқындалып, уақытша тергеу изоляторына қамалды", - деп хабарлады ол. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96 бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың басынан бері облыста 1580 ұялы байланыс телефонын ұрлау оқиғасы тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны