19.01.2007, 18:21 2910

Семей қаласының кеден қызметкерлері бір килограмм героинді пияздың ішіне жасырып алып өтпек болған Қырғызстан азаматын ұстады

СЕМЕЙ. 19-қаңтар. Kazakhstan Today. "Семей" кеденінің қызметкерлері бір килограммнан астам героинді пияздың ішіне жасырып, алып өтпек болған Қырғызстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне "Семей" кедені бастығының орынбасары Бекен Нұрахметов.

Оның ақпараттарына сүйенсек, кеше кешке "Ауыл" станциясында Бішкек - Новокузнецк бағытындағы жолаушылар поезіне кедендік бақылау жүргізу кезінде Джонни атты иісшіл ит қызметкерлерді Қырғызстанның 44 жастағы азаматы отырған № 54 жолаушылар орнына алып келген. Кеден қызметкерлері жолаушының сөмкесінен жеті килограмм пияз бен сәбіз тапқан. "Бірақ, сарымсақтарды кескен кезде олардың алтауынан ақ-сұр түсті зат табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат героин болып шықты, оның жалпы салмағы 1151,15 грамм",- деді Б. Нұрахметов.

Ұсталғанға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК 250-бабының 1-тармағы бойынша (айналымнан алынған немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны