08.10.2007, 16:06 3435

Семей өңірінде арқар аулаған браконьер ұсталды

Семей өңірінде арқар аулаған браконьер ұсталды

Семей. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семей өңірінде арқар аулаған браконьер ұсталды. Бұл туралы бүгін Шығыс Қазақстан облысының Табиғат реусурстары мен табиғат ресурстары мен табиғатты пайдалануды реттеу департаментінен хабарлады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Департаменттің ақпараттарына сүйенсек, Абай ауданында рейдттік шаралар жүргізу барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген арқардың заңсыз атылғандығы анықталған болатын. "Оқиға болған жерде Тоқтамыс ауданының тұрғыны ұсталған, ол жазық далада кетіп бара жатып, жануарды көріп қалып, оған оқ атқан",- деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысының Табиғат реусурстары мен табиғат ресурстары мен табиғатты пайдалануды реттеу департаментіндегілер.

"Ұсталған азамат өзімен бірге заңсыз қару алып жүрген. Қазіргі уақытта ол аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілген",- деді департаменттегілер.

Аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 288-бабы (заңсыз аң аулау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны