23.04.2008, 18:12 5063

"Семей орманы" табиғи резерваты аумағындағы орман екі күннен бері өртеніп жатыр

"Семей орманы" табиғи резерваты аумағындағы орман екі күннен бері өртеніп жатыр

Семей. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Семей орманы" табиғи резерваты аумағындағы орман екі күннен бері өртеніп жатыр. Бұл туралы агенттік тілшісіне Семейдің мемлекеттік өртке қарсы қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өрт көзі кеше түс кезінде резерваттың төрт бөлімшесінде бірдей басталды. "Бүгін Ақкөл және Жаңасемей орман шаруашылықтарында өрт көздері басылды. Ал Краснокардон және Семей бөлімшелерінде тілсіз жау әлі өшірілмеді", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің ақпараты бойынша, өртті сөндіру жұмыстарына жеке құрамның 150 қызметкері, 60 арнайы техника және екі тік ұшақ жұмылдырылды. "Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт көзі кешеден бері орман аумағының 121 гектар жерін жойып жіберді, бұл 1997 жылдың күйігі мен 4 гектар жасыл орман алқабы. Бүгінгі күні өрттің пайда болуы анықталуда", -деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Мемлекеттік "Семей орманы" табиғи орман резерватының деректері бойынша, өрт қаупі жоғары болып саналатын кезең басталғалы резерват территориясында 39 өрт тіркелді.

"Соңғысы ең ірі өрт ошағы болғандықтан, оған мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің күштері тартылды. Бұған дейін өртті өзіміздің күшімізбен ауыздықтап отырдық ", - деп атап өтті "Семей орманы" қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны