06.02.2008, 18:00 2736

Семей полициясы қара металл қабылдайтын астыртын бөлімшені анықтады

Семей полициясы қара металл қабылдайтын астыртын бөлімшені анықтады

Семей. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Семея полициясы қара металл қабылдайтын астыртын бөлімшені анықтады. Бұл туралы Семейдің ішкі істер басқармасы Затон бөлімінің учаскелік инспекторы Бауыржан Жомартов хабарлады.

Қара металл қабылдайтын астыртын пункт Дулатов көшесіндегі 304 үйде анықталды. "Бізге жергілікті бір тұрғын келіп, осы үйде металл қабылдау кәсібі жүргізіледі деп шағымданды. Олардың күдігі расталды. Көрсетілген көшеде орналасқан үйді тексерген кезде онда кара металл қабылданатыны анықталды. Үй иесі осы кәсіпкерлік түрімен айналысуға болатын рұқсат құжатын көрсете алмады", -деп әңгімеледі Б. Жомартов.

Оның сөздері бойынша, үйдің ауласында тұрған гараж металға толтырылған болып шықты. "Бұл қабылдау пунктіне келіп жүретіндер қатары аз болмаған . Тіпті біз тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанда үй иесіне 10, 20 келі металл алып келгендер де болды. Ол адамдар металды көшеден теріп әкелдік деп қысқа қайырды", - деп атап өтті Б. Жомартов.

Қара металдарды қабылдау бөлімінің иесі әкімшіліктің жауапқа тартылды. "Іс сотқа тапсырылды, оған үлкен айыппұл салынуы мүмкін. Сонымен қатар, бүл істің материалдары қаржы полициясына жіберілді", - деп хабарлады полиция қызметкері. Ол атап өткеніндей, егер үй иесі осындай қызметін заңсыз түрде жалғастыратын болса, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны