29.04.2011, 14:33 4333

Семейде 16 оқушы тамаққа уланып, жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген

Семейде 16 оқушы тамаққа уланып, жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 29 - сәуір. Kazakhstan Today - Семейде 16 оқушы тамаққа уланып, жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Семейдегі орта мектебінде тамақтан жаппай улану болған.

"28-сәуір күні Семейдегі клиникалық аурухананың инфекциялық бөліміне № 47 орта мектептің 1999-2002 жылдары туған 16 оқушысы "қоректік токсикоинфекция" деген диагнозбен жатқызылған", - деп көрсетілген хабарламада.

Дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне қайтарылған. "Мүдделі қызметкерлер ақпараттандырылып, қазір арнайы комиссия құрылып тексеру жұмыстары жүргізілуде", - деп мәлім еткен ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны