15.10.2007, 18:39 3025

Семейде 1-ші ЖЭО бу қазандығы жарылып, бір адам қайтыс болды

Семейде 1-ші ЖЭО бу қазандығы жарылып, бір адам қайтыс болды.

Семей. 15-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде Семейде 1-ші ЖЭО бу қазандығы жарылып, бір адам қайтыс болды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семейдің Иуезов жедел жәрдем қосалқы станциясынан хабарлады.

Қосалқы станцияның аға дәрігері Роза Жыбыраеваның ақпараттарына сүйенсек, "жедел жәрдемнің" кезекші бөліміне бүгін 11 сағат 24 минутта шақыру келіп түскен. "1-ші ЖЭО қазандықтың жарылғандығы белгілі болды. Төрт адам зардап шегіп, оның біреуі оқиға орнында күйік салдарынан қайтыс болды",- деді Роза Жыбыраева. "Жұмысшылардың айтуынша, қайтыс болған 54 жастағы жұмысшы ЖЭО жұмысқа жуықта ғана орналасқан және бүгін оның бірінші жұмыс күні болатын",- деп қосты ол.

Ыстық буға күйген үш адам жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілген. "Олар 1, 2 және 3 дәрежедегі күйік алған",- деп нақтылап өтті Роза Жыбыраева.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны