24.10.2007, 17:06 3078

Семейде 1-ші ЖЭО жарылыс салдарынан құрбан болғандардың саны үш адамға жетті

Семейде 1-ші ЖЭО жарылыс салдарынан құрбан болғандардың саны үш адамға жетті.

Семей. 24-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде 1-ші ЖЭО жарылыс салдарынан құрбан болғандардың саны үш адамға жетті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семейдің медициналық жедел жәрдем ауруханасының дәрігер-реаниматологы Ермек Абралин хабарлады.

"Науқастың терісінің 22 пайызын күйік шалған болатын",- деді Е. Абралин.

Сөйтіп, қайтыс болған 53 жастағы ер адам 1-ші ЖЭО қайғылы оқиғаның үшінші құрбаны болды.

Естеріңізіге сала кетейік, 15-қазанда 1-ші ЖЭО цехтардың бірінде тазалау кезінде жарылыс болған болатын.

Бұрын хабарлағанымыздай, қайғылы оқиға салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болған, екіншісі 19-қазанда ауруханада көз жұмған еді.

Дәрігердің айтуынша, тағы бір адамның ахуалы бірқалыпты. "Оның терісі қатты күйген, тері қабатының 20 пайызы күйген, бірақ оның денсаулығының мығымдығы да үлкен рөл атқарды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ",- деп қосты Е. Абралин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны