08.01.2009, 13:45 1739

Семейде алты жасар бала Ертіске батып кетті

Семейде алты жасар бала Ертіске батып кетті

Семей. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семейде алты жасар бала Ертіске батып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Семейдің Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Мекеме ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 1 қаңтарда химиялық зауыт маңында болған. "Алты жасар інісін ерткен жасөспірім Ертіске құятын өзеншіктен секіріп өтпек болғанда бала суға құлаған, мұздың жұқа болуына байланысты жасөспірім інісін құтқара алмады. Баланың мәйітін суда сүңгитін құтқарушылар екінші күні әрең тапты", - деп хабарлайды басқармадағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны