04.04.2007, 11:15 2782

Семейде аспалы көпірдің үстінде жолаушылар автобусы жанып кетті, зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ

СЕМЕЙ. 4-сәуір. Kazakhstan Today. Семейде аспалы көпірдің үстінде жолаушылар автобусы жанып кетті, зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне қалалық өртке қарсы күрес қызметі басқармасынан хабарлады.

Басқарма ақпаратына сәйкес, "01" пультіне аспалы көпірдің үстінде жолаушылар автобусы жанып жатыр деген хабар келіп түскен. "Шақыру орнына келген кезде №12 бағытта қатынайтын MAN маркалы автобусы жанып жатыр екен",- дейді өрт сөндірушілер. Олардың айтуынша, қоғамдық көлікте отырған жолаушылар шұғыл шығарылды.

"Өрттің шығуына автокөлікті техникалық пайдалану ережелерін бұзу себеп болған. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр",- дейді басқармадағылар.

Өртке қарсы күрес қызметінің мәліметінше, 2006-жылы Семейде 25 автокөлік жанып кеткен. Шығын көлемі 1 млн теңге болды. "2007-жылдың басынан бері автокөліктерде 13 өрт шықты. Негізгі себеп - техникалық пайдалану ережелерін бұзу",- дейді басқармадағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны