24.01.2007, 18:31 2799

Семейде бағытты таксидің кондукторы жұмыс орнында есірткі таратқаны үшін құрықталды

СЕМЕЙ. 24-қаңтар. Kazakhstan Today. Семейде жұмыс орнында героин сатумен айналысқан бағытты таксидің кондукторы құрықталды. Бұл туралы журналистерге Семей қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Елубек Оспанов хабарлады.

Оның ақпараттарына сүйенсек, бір ай бұрын есірткі бизнесімен күрес бөліміне қалалық бағытты таксилердің бірінің кондукторы есірткі сатумен айналысады деген хабар түскен. Есірткі сатушыны анықтау үшін жедел топ құрылған болатын. "Кеше "Қуаныш" техникалық қызмет көрсету станциясының маңында есірткі сатқан 27 жастағы кондуктор қылмыс үстінде ұсталды. Оның қалтасынан бір мысқал героин табылды",- деді Е. Оспанов.

Ұсталған азамат есірткі сатумен айналысқанын мойындап отыр. Оның үйіндегі жерқоймадан полицейлер сіріңке қорабына бөліп оралған тағы да 100 граммнан астам героин тапты.

Қазіргі уақытта, оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің "Есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату" жөніндегі 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ІІБ мәліметтеріне сүйенсек, жыл басынан бері Семейде есірткі заттарын сату және сақтауға байланысты 10 қылмыс тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны