31.10.2007, 15:49 6185

Семейде бір еркектің оқ жаудыруы салдарынан бір қыз зардап шекті

Семейде бір еркектің оқ жаудыруы салдарынан бір қыз зардап шекті

Семей. 31-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде бір еркектің оқ жаудыруы салдарынан 18 жасар қыз зардап шекті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қалалық жедел жәрдем станциясынан хабарлады.

Станция бастығының орынбасары Мәнсия Иукенованың ақпараттарына сүйенсек, оқиға 30-қазанда 22 сағат шамасында болған. "Үш қыз әңгімелісіп тұрған. Күтпеген жерден еркек оқ жаудыра бастаған, оның оқтары қызға тиген, оның қандай қарудан атқандығы әзірге белгісіз, бірақ ол атыс қаруы болған",- деді М. Иукенова.

Оқиға болған жерге келеген жедел жәрдем дәрігерлері зардап шеккен қызды оқтың жарақаттағандығын белгіледі. "Оған он оқтың тигендігі белгілі болды",- деп хабарлады М. Иукенова. Қазіргі уақытта зардап шеккен қыз ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Оқиғаны тергеумен құқық қорғау органдары айналысуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны