04.08.2006, 13:14 2771

Семейде бір тәртіп сақшысы екінші қабаттан құлап, ауруханаға жатқызылды

СЕМЕЙ. 4-тамыз. Kazakhstan Today. Семейде жұмыс барысында тұрғын үйдің екінші қабатынан құлаған бір тәртіп сақшысы іш қуысынан жарақаттанып ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Мәнсия Иукенова хабарлады.

Оның айтуынша, бейсенбі күні түнгі сағат 3-те жедел жәрдем станциясына тұрғын үйдің бір пәтерінде қарт кейуананың қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Жедел жәрдем мен тәртіп сақшыларын шақырған көршілері жалғыз өзі тұратын кейуана есігін ашпауға байланысты өліп қалған -ау деген қорқыныштарын жеткізген", деп хабарлайды дәрігер.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары пәтерге терез арқылы кіруге бел байлайды. Өйткені, есікті ешкім ашпайды, ал оны бұзып кіруге олардың құқығы жоқ. Сөйтіп, екінші қабатқа көтеріліп, терезе арқылы кірмек болған бір тәртіп сақшысы құлап кетті. "Темір қоршаудың үстіне құлаған 37 жастағы тәртіп сақшысының іші жарылған. Қазір ол әл үстінде реанимация бөлімінде жатыр",- дейді М.Иукенова.

Ал әлгі өліп қалды-ау деген әйел тірі болып шықты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны