08.05.2007, 16:35 3181

Семейде боран салдарынан тағы екі адам зардап шекті

СЕМЕЙ. 8 - мамыр. Kazakhstan Today. Семейде боран салдарынан тағы екі адам зардап шекті, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне медициналық жедел жәрдем станциясынан.

Қала орталығында, "Аркада" сауда үйінің маңындағы он қабатты үйдің балконынан мұздатқыштың үлкен қорапшасы қатты соққан желден ұшып кеткен. Ол автобус аялдамасында тұрған әйелге құлаған. Соның салдарынан 33 жастағы әйелдің миы қозғалып, басқа да жарақаттармен облыстық ауруханаға жеткізілген.

Сонымен қатар, қатты жел Тарбағатай көшесінде орналасқан жер үйдің шиферлі шатырын жұлып әкеткен. Шатырдың бөлігі 34 жасар үй иесін жарақаттаған. Миы қозғалып, желке тұсы зақымданған ол да облыстық ауруханаға жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, "Шығыс" ықшамауданында боран ағашты құлатқан, ағаш жанында тұрған электр желісінің темірбетонды тіреуіне құлаған. Тіреу сол тұстан өтіп бара жатқан адамды басып қалған. Оқиға болған жерге келіп жеткен "жедел жәрдем" дәрігерлері 27 жастағы зардап шегушінің көптеген жарақаттар алғандығын белгіледі. Зардап шегуші медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді, дәрігерлер оның ахуалын ауыр деп бағалап отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны