27.12.2007, 17:56 3300

Семейде екі балықшы батып кетті

Семейде бес балықшы мұздың астына түсіп екеуі батып кетті

Семей.27 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Семей аймағында бес балықшымен бірге бір көлік мұздың астына түсіп, екі адам батып кетті. Бұл туралы агенттік тілшісіне Семейдің су-құтқару стансасында хабарлады.

Станса қызметкерлерінің ақпараты бойынша, оқиға Шүлбі поселкесінде сағат 19 орын алды. "Семейдің бес тұрғыны УАЗ көлігімен Шүлбі су қоймасына балық аулауға барып, мұздың үстімен екінші жағаға жетпекші болған. Алайда, көлік мұздың астына кетіп, екі адам батып, үшеуі аман қалды ", - деп түсіндірді суңгуірлер.

"Оқиға болған жерде бес құрқарушы жұмыс істеуде. Судың астына батып кеткендердің денесі әлі табылмады", - деп хабарлады қалалық су-құтқару стансасының қызметкерлері.

Құтқарушылардың мәліметтері бойынша, биылғы жылы облыста осыған ұқсас үш оқиға тіркелді. Бұның алдындағы оқиға Зайсан көлінде болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны