26.06.2006, 12:57 2912

Семейде Ертіс арқылы өтетін жаңа көпірде жарылғыш затты іздестіруде

СЕМЕЙ. 26-маусым. Kazakhstan Today. Семейде бомба орнатылды деген жасырын телефон қоңырауына байланысты Ертіс арқылы өтетін жаңа көпір жабылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семей қалалық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін 10 сағат 15 минутта “О2” кезекші бөліміне ұялы телефоннан қоңырау шалынып, жаңа көпірде бомба орнатылғанын әлдебіреу хабарлаған. Шұғыл кезекші бұл туралы барлық шұғыл әрекет етуші қызметтерді құлағдар етті. ІІБ басшылығының бұйрығымен тексеру мақсатында көпір бірден жабылды. Алайда 10 сағат 47 минутта ІІБ-ның кезекші бөліміне қайтадан қоңырау шалған әлгі адам өзінің қалжыңдағанын жеткізген.

Дегенмен, арнаулы қызметтер тексеруді толық аяқтауға шешім қабылдады. Қазір қозғалыс бұрынғы ескі көпірмен жүзеге асырылуда. Осыған байланысты өткел маңында үлкен көлік тығыны түзілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны