31.10.2006, 09:39 6653

Семейде гараж тонаумен айналысқан азамат ұсталды

СЕМЕЙ . 31 қазан . Kazakhstan Today. Семейде 45 жастағы ер азамат ұсталды, ол жер асты жолымен гараждарды тонаған. Бұл жөнінде қалалық полиция орталық бөлімінің криминалды полиция бөлімінің бастығы Махамбет Қадырбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

М.Қадырбаевтың айтуынша, күдікті негізінен қаланың орталығында ұрлық жасаған. "Ол гараждарға жер астын қазып немесе құлыптарын сындырып енген. Күдікті машинаның автомагнитоласын, қосалқы бөлшектерін, телевизорларды ұрлап, орталық базарда сатқан",-деді М.Қадырбаев.

Полиция қызметкерлері он ұрлық дерегін дәлелдеді. Жалпы, үстіміздегі жылдың 9 айында 24 гараж тоналған. Қолға түскен күдіктіге қатысты ҚР ҚК 175 бабына сәйкес (ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны