11.03.2007, 16:09 3202

Семейде халық медицинасы орталығының күзетшісін өлтіріп кетті

СЕМЕЙ. 11-наурыз. Kazakhstan Today. Семейде халық медицинасы орталығының күзетшісін өлтіріп кетті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Семей қалалық Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, күзетшіні өлтіріп кеткендігі туралы емдеу мекемесінің медбикесі хабарлаған. Таңертең жұмысқа келген ол күзетшінің денесін киім шешетін бөлмеден тауып алған.

Оқиға орнына келген полицейлер қылмыс орнын тексеру барысында директордың жұмыс бөлмесінің есігі ашылғандығын, ал сейфтен 550 мың теңгенің жоғалғандығын анықтады.

Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, жедел тергеу тобы құрылып, жедел - іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны