17.01.2008, 11:05 1344

Семейде қатты аяздан мектептерде 1және 11 сыныптарының сабақтары тоқтатылды

Семейде қатты аяздан мектептерде 1және 11 сыныптарының сабақтары тоқтатылды

Семей. 17 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семейде қатты аяздан барлық мектептерде 1 және 11 сыныптарының сабақтары тоқтатылды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы Марат Дүкенев хабарлады.

Оның мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта қалада ауа температурасы 31 градус аязды көрсетуде. "Жоғары сынып оқушылары үшін, мектептердегі сабақтар термометр деңгейі 35 градустан төмен болған жағдайда ғана тоқтатылады. Алайда, осы жолы қатты желден жағдай ушыққандықтан, барлық сыныптар үшін дәрістер тоқтатылсын деген шешім қабылданды", - деп түсіндірді М. Дүкенев.

Ол атап өткеніндей, қаладан шығатын жолдар ашық, барлық кәсіпорындар күнделікті жұмыс тәртібімен жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны