26.12.2007, 11:07 1587

Семейде қатты аяздың салдарынан оқушылар сабақтардан босатылды

Семейде қатты аяздың салдарынан оқушылар сабақтардан босатылды

Семей. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде қатты аяздың салдарынан мектептегі сабақтар өтпейтін болды. Бұл туралы Семейдің ТЖ басқармасының кезекші бөлімінде хабарлады.

ТЖБ шешімі бойынша, мектептердегі сабақтар 1 және 9 сыныптар үшін өткізілмейтін болды. "Бүгін таңертең қалада ауа температурасы 27 градусқа дейін төмендеді. Аязбен бірге солтүстік суық желі де қатты соғуда, 10 м/с", - деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

ТЖБ хабарлағанындай, ауа температурасының төмендеуі халықаралық бағыттарда жүретін көліктердің жұмысына кедергі келтірмеді. "Семейге кіретін және шығатын жолдар барлық бағыттарда ашық ", - деді басқармада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны