26.02.2007, 10:56 1267

Семейде қатты жел электр жалғастыру желілерін зақымдады

СЕМЕЙ. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Семейде қатты жел электр жалғастыру желілерін зақымдап, бірнеше аудан жарықсыз қалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Шығыс Қазақстан аймақтық электр желілері компаниясы" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін таңертең аймақтық электр желілері компаниясына тоқ жоқтығы туралы 30 шағым келіп түскен. Исіресе Қазкрай және Восход ауылдарында электр желілерінің ең көп үзілу оқиғалары тіркелген. "Қазір қалпына келтіру жұмыстарына сегіз бригада жұмылдырылған. Мамандар бірінші кезекте жаппай жарықсыз қалу оқиғалары тіркелген, үзілген сымдар адамдардың өміріне қатер төндіретін жерлерде жұмыс істеуде",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, синоптиктер алдағы тәуліктерде Семейде күн райы жақсара қоймайды деген болжам айтуда. Бүгін бұл өңірде күн райы тіптен нашарлап, қар жауып, боран соғып, желдің күші секундына 27 метрге жетеді деп күтілуде. Семейде осыған байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны