23.10.2009, 13:50 1524

Семейде коттедждегі жарылыс салдарынан екі адам зардап шекті

Семейде коттедждегі жарылыс салдарынан екі адам зардап шекті

Семей. 23 қазан. Kazakhstan Today - Семейде коттедждегі жарылыс салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының анықтаушысы Темірлан Кәкеновқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бүгін сағат 07.15-те Пристанская көшесіндегі үйде жарылыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына келген кезде шала салынған екі қабатты ағаш коттедж отқа оранған болып шықты.

"Бұл үйде бес адамнан, екі ересек және үш баласы бар күзетшінің отбасы тұрып жатқан. Жарылыс кезінде 29 жастағы күзетшінің әйелі мен төрт жасар бала зардап шекті. Ийел 1-2-ші дәрежелі күйікке шалдықты, ал бала көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды", - деді Т. Кәкенов.

"Үйдің қазандығында жарылыс шыққан, бірақ онда тағы газ баллоны болған дейді. Екі жорамал бар: пешті теріс пайдалану және тоқтың қысқаша тұйықталуы. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді анықтаушы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны